Спорттың онсайыс түрінен сынға түскен отандасымыз жарыстың қорытындысы бойынша 5400 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Бір қызығы, ол онсайыстың барлық түрі бойынша өткен іріктеу жарыстарының бәрінде алдыңғы орындарға ие болды. Сондай-ақ бұл Фархад Қыстаубаевтың биылғы Сурдлимпиададағы екінші медалі. Ол бұған дейін 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде қола медаль жеңіп алған болатын.
Осылайша, Сурдлимпиадада үшінші алтынына қол жеткізген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12-орынға көтерілді. Жерлестеріміздің еншісінде 3 алтын, 4 күміс, 17 қола медаль бар. Ал 129 (56 алтын, 36 күміс, 37 қола) жүлдесі бар Украина турнир кестесінде көш бастап тұр.