Теннис • 16 Мамыр, 2022

Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында Beeline Challenger 80 сериясы бойынша екінші турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтуде. Қазақстандықтардан алғашқы болып кортқа шыққан Никита Сидоров үндістандық Арджун Кадхеге жол берді – 4:6, 1:6. Енді А.Кадхе іріктеу сайыстарының финалында тағы бір қазақстандық Григорий Ломакинмен шеберлік байқасады. Жеңген спортшы негізгі жарысқа жолдама алады.

Бүгін сондай-ақ іріктеу сайыстарының жартылай финалында Тимур Мәуленов италиялық Маттео Донаттиммен, Роман Коновалов америкалық Эван Жумен өзара мықтыны анықтайды. Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Денис Евсеев алғашқы матчын америкалық Улис Бланшпен өткізеді. Жарысқа арнайы шақырту алған Достанбек Ташболатов румыниялық Филипп Кристиан Жиянумен, Бейбіт Жукаев іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Кеше Beeline Challenger 80 бойынша Шымкентте осындай дода аяқталған болатын. Жекелей сында финалда германиялық Себастьян Фаншелоуды 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтқан америкалық Эмилио Нава чемпион атанды.

Аяна Тоғанбек