Біздің отбасымыз Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легінде Ерейментау ауданының Тайбай ауылына орналасқан екен. Жергілікті тұрғындармен өте тату тұрдық. Әкемнің қазақ тамырларының балалары менің де айнымас тамырларыма айналды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда әкелерімізді, туған-туыстарымызды өзіміз де білмейтін алыс майданға бірге жылап шығарып салғанымыз есімде.
Белгісіз басқыншыларға қарсы өшпенділігіміз күшті болатын. Оларды тезірек жеңсек дейтінбіз. Сондықтан, тылдағы ауыр еңбекке мойымауға, қиналысымызды білдірмеуге тырыстық. Тыным таппадық. Өгіз жегіп жер жырттық, ауданға кіре тарттық, шөп дайындадық. Қаталаған сәтте кез келген ауылдағы әжелеріміз ұсынған айранның дәмі әліге дейін таңдайымнан кетпейді. Сөйтіп, жүріп жеңіске де жеттік.
Бірақ, біздің ауыр тағдырымыз тағы да бір жеңісті жолға бастады. Ес біліп қалған шағымыз ғой, партияның орталық комитетінің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешімі тікелей Қазақстанға арналғандықтан, біз оның алғы шебінде болуымыз керек деп түсіндік. Жігерімізді облысымыздың Атбасар ауданының комсомолдары көтерген бастама одан бетер көріктендірді. Федор Рыженко, Петр Мамбур, Федор Шиптенко, Григорий Володченко сияқты қатарластарыммен бірге 1953 жылы Тельман атындағы колхоз жанындағы МТС-те механизаторлық курсты бітірдім.
Біздің ауданымыз бен ауылымызға Украинадан, Беларуссиядан көптеген жас механизаторлар мен мамандар келді. Олармен де достасып кеттік. Біздің шаруашылық 1954 жылдың наурызында жаңартылған «ДТ-54» және «СХТЗ-НАТИ» маркалы тракторларды ала бастады. Соның бірі маған сеніп тапсырылды.
Мен тыңгерлер бригадасында 10 жыл жұмыс істедім. Мақсатымыз олардан қалыспау, тіпті, оза қимылдау болатын. Бұдан кейін 20 жылдан астам уақыт трактор-егіс бригадасын басқардым. Еңбегім де жоғары бағаланды. «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталдым. Тыңгерлердің басым бөлігі ауылымызда тұрақтап қалды. Олар да ел-жұрттың құрметіне бөленді. Колхозымыз совхозға айналып, Ахметжан Қанапиянов, Өміртай Құлшынбаев, Мақсұт Баймұрынов сяиқты басшылармен бірге шаруашылығымыз әлеуметтік-экономикалық жағынан гүлденді.
Қазақстандағы тың игеру қозғалысы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылатыны бар. Қалай десек те, бұл біздің тағдырымызда өшпес із қалдырған 60 жылдық айшықты оқиға. Ол жергілікті жастарды ерен істерге жігерлендірді. Сан ұлттың басын біріктіріп, Қазақстан Республикасының игілігі үшін күреске баулыды. Оны тарихтан сызып тастауға болмайды. Тереңдей қарап, байыппен салмақтап, оның бойынан ел Тәуелсіздігінің тәлім тармақтарын да көре білгеніміз жөн деп санаймын. Тәуелсіздік аталатын асқаралы арманды Қазақстан халқы жүзеге асырды.
Федор ПАНАСЮК,
алғашқы тың игеруші,
Ерейментау ауданының құрметті азаматы.
Ақмола облысы.

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38