Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынған мурал алыстан көз тартады. Ауқымды көше туындысы көшпенділердің өмір сүру салтының алтын ережесі мен бұлжымас қағидасын тарихта алғаш рет «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң жиынтығымен жүйелеп кеткен билеуші туралы фильмнің прокатқа шығуына орай салынып отыр. XV-XVI ғасырда мемлекет іргесін қалыптастыру жолында Қазақ елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрес жүргізген Қасым ханның тарихтағы орнын бейнелеген Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмі 12 мамырдан бастап барлық кинотеатрда көрсетіле бастады.
Муралды жас суретшілер Карина Әзімжанова және Ғафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 баллон бояу кеткен.
АЛМАТЫ