Апаттың айтып келмейтіні анық. Күні кеше Текелі қаласында лай көшкіні болып, табиғи жағдайдың соңы ауыр қазамен аяқталды.

Жексенбі күні түс мезетінде болған лай көшкіні қаланың Қонаев көшесіндегі 5 үйді бірден басып қалған. Бір үй толығымен батпақ үйіндісінің астында қалып, жермен жексен болды. Өкінішке қарай, дәл осы үйдегі 5 жасар балдырған қыз құлаған үйдің астында қалып, шейіт кетті.
Төтенше оқиға туралы хабар жетісімен Текеліге Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов бастаған топ жедел жетті. Оның жетекшілігімен облыстық жедел штаб құрылды. Штаб жұмысына облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылығы, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов және облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Мамандар адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, із-түзсіз жоғалған баланы іздеуге барын салды. Із кесуге иісшіл ит те қосылды. Алайда 6 сағат бойы жүрген іздеу жұмысынан соң 2016 жылы туған қыздың денесі табылды. Шетінеген балдырғанды көшкіннен құлаған үй басып қалған екен.
– Өткен жексенбі күні түс кезінде Текеліде лай көшкіні болды. 5 үй батпақ үйіндісінің астында қалып, соның ішінде бір үй толығымен қираған. Осы үйдегі 5 жасар балдырған із-түзсіз жоғалып, оқиға орнында учаскелерге бөлініп, арнайы мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеді. Іздеу жұмысына кинологиялық қызметті жұмылдырғаннан кейін үйінді арасынан қыздың денесі табылды. Қазір лай көшкінінен зардап шеккен отбасылар уақытша мекенге орналастырылды және басқа да қажетті көмек көрсетілуде. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Соның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, – деді бізге облыс әкімінің бірінші орынбасары, төтенше жағдай жөніндегі арнайы штаб жетекшісі Ләззат Тұрлашов.
Алматы облысы
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар