Оқиға • 17 Мамыр, 2022

Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында мұнара кранының тросы үзіліп, бір жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мәлім етті.

Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 15 мамырда сағат 03.34 шамасында Тұран даңғылы, 50 мекенжайы бойынша «Тұран 1» МКК құрылыс алаңының аумағында пайдалану кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде апат орын алған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, кранның сымы үзіліп, металл ілмек құлап кеткен. Соның салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды. Бұл апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында комиссия жұмысына төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері жетекшілік ететіні атап өтілді. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады деп уәде берілді.

Аяна Тоғанбек