Министрдің айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, қалған 71 мыңы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.
«2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 100 пайызға, жергілікті желі жолдарының үлесін 95 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр», деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.
Көлік-транзиттік әлеуетті арттыру міндеттерін іске асыру 8 көлік дәлізін жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі.
«Бүгінде жалпы барлық дәліздер толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жекелеген учаскелер бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Қ. Өскенбаев.