«Мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін тиісті жем-шөп базасы қажет. Жыл сайын елімізде жем-шөп қажетті зоотехникалық нормадан 2 есе аз дайындалады. Жем жетпеген соң, оның бағасы да қымбаттай береді», деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы құрғақшылық немесе жайылымдардың тозуы сияқты табиғи-климаттық жағдайларды да ескеру керектігін баса айтты.
«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын көбейтіп, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғыртуы қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыруға басымдық беру керек», деді Әлихан Смайылов.
Аяна Тоғанбек