Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу маусымы. Азаматтардың қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов қатысты.
Қазір еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, алдағы шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша алдын ала жұмыс басталып, кешенді ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар өткізілуде.
«Бүгінгі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын анықталды, оның ішінде 187 коммуналдық және 287 жеке жағажай. 16 орын бойынша нақты иелерін бекіту жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанда азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. ТЖМ құтқару бөлімшелері тәулік бойы 490-нан астам құтқарушы қызмет атқаратын азаматтар пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Ағымдағы жылы министрліктің 45 мобильді құтқару бекеті қойылады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 316 объектілік құтқару бекеттері жабдықталады. Алдын алу жұмыстары аясында еліміздің су айдындарында 7 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Бүгінде, өкінішке қарай, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 25 адам, оның ішінде 3 бала суға батып кетті», деді ол.
Коммуналдық және жеке жағажайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 104 медициналық пункт жұмыс істеуге дайындалуда. Коммуналдық жағажайларда қауіпсіз балалар жағажайларын дайындау аяқталуда, онда құтқарушылар балаларға жүзу дағдыларын үйретеді. Республикада барлығы 265 стационарлық бассейн, 146 қаңқалы-модульдік бассейн бар.
«Жыл басынан бері аталған бассейндерде 26 мыңнан астам бала жүзуге үйретілген. «2gis» картографиялық платформасында еліміздің барлық өңірінде су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4 994) және рұқсат етілген (490) орындар туралы деректер орналастырылған. Сондай-ақ суда адамдардың қаза болуына жол бермеудің маңызды тәсілі – суда тыйым салынған демалыс орындарында ТЖМ және ІІМ, ЖАО өкілдерімен және волонтерлермен бірлескен рейдтер және патрульдеу жүргізу. Қазірдің өзінде 17 мыңнан астам патрульдер мен рейдтер жүргізілді. Оларға 37 мыңға жуық адам тартылды, оның нәтижелері бойынша 118 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Б.Сыздықов.
Судағы төтенше жағдайлардың санын азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу ел басшылығының, Үкіметтің, ТЖМ-нің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. ТЖМ азаматтарға судағы қарапайым қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға шақырады.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар