Коронавирус • 18 Мамыр, 2022

Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды

Осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 660-қа жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Сондай-ақ Қазақстанда 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 6, Қызылорда облысында - 1 адам.