Қоғам • 19 Мамыр, 2022

Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ерден Әріпов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

«Сіздердің қарауыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды», деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің 2022 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Ерден Әріповты ұжымға Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов бейнеконференция кезінде таныстырды.

Е. Әріпов 1963 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше