Футбол • 19 Мамыр, 2022

«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UEFA Еуропа лигасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

Аталған турнирдің финалында Германияның «Айнтрахт» және Шотландияның «Глазго Рейнджерс» командалары кездесті. Командалар бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Екеуінің де гол соғатын көптеген мүмкіндігі болды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Нәтижесінде 57-минутта шотландиялық клубтан Джо Арибо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 70-минутта «Айнтрахт» шабуылшысы Рафаэль Борре таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти тебуде «Айнтрахт» мергендік танытты. Осылайша германиялық клуб Еуропа лигасының жеңімпазы болды.

Айта кетсек, «Айнтрахт» бұдан бұрын 1980 жылы UEFA кубогының жеңімпазы атанған еді.

Аяна Тоғанбек