Аймақтар • 19 Мамыр, 2022

Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы әскери бөлімде мерзімді борышын өтеп жүрген сарбаздың психикалық жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді

Белгілі болғандай, Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы А. есімді жауынгердің психикасының бұзылуы жайлы әлеуметтік желіде ақпарат тарады.  

2022 жылғы 18 мамырда сағат 12:00-де бөлім басшылығы сарбаздың айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін байқаған. Болған оқиға туралы сарбаздың ата-анасына хабарланған.

«Сарбаз медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық ауруханаға апарылды. Тексеру нәтижесінде (МРТ, мидың КТ) дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ. 19 мамырда мамандар қайта тексеру жүргізуді жоспарлап отыр», деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ҚР ҚМ баспасөз қызметі сарбаздың әскерге күшпен әкелінгені туралы мәліметке қатысты түсінік берді.

«2022 жылғы 4 мамырда әскерге шақырылған А. есімді жігітке белгіленген тәртіппен шақыру қағазы берілді. 11 мамырда ол шақыру пунктіне келді. Сол жерде оған және оның туысқандарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлімделген болатын. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде А. Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге өтініш білдірді», делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше