Қазақстан • 19 Мамыр, 2022

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жылдары акциздердің көтерілуіне орай темекі бағасы өседі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Бүгін Сенатта тілшілер Қаржы министрінен темекіге және құрамында қанты бар сусындарға акциздер енгізуге қатысты сұрақ қойылды.

«2024 жылға дейін темекіге акциз мөлшерлемесін 35 еуроға көтеруді жоспарлап отырмыз. Яғни мың дана темекіге шамамен 16 мың теңге болады. Бұл ретте есептеп көрсек, бір қорап темекі үшін 300-350 теңге шығады», деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бөлек ол құрамында қанты бар сусындарға қатысты Үкімет деңгейінде талқылау жүріп жатқанын айтты.

«Осы орайда талқылаулар қорытындысы бойынша тиісті мәліметті жариялап, Парламентке келеміз. Біз үшін тиісті теңгерімді сақтау керек, яғни ұлт денсаулығы басты мәселе болып саналады. Сонымен қатар, кәсіпорындар да зардап шекпеуі керек, бұл кәсіппен шағын және орта бизнес айналысады. Сондықтан осының барлығын егжей-тегжейлі пысықтаймыз», деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, темекі бойынша келісім ратификацияланған және 2024 жылға қарай мың дана темекіге акциз теңгелік мәнде 35 евроға дейін артады.

Аяна Тоғанбек