Оқиға • 19 Мамыр, 2022

Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы «Жібек жолы» шекарасында есірткі затына ұқсас дәндер алып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

«Күдікті қызметтік иттің белгісінен кейін тоқтатылып, ер адамнан есірткі затына ұқсас дәндер табылды. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 286-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің қалтасынан алынған затқа сот сараптамасын тағайындап, нәтижесінде оның сора өсімдігінің ұрығы екендігі анықталды», делінген ПД мәлімдемесінде.

Белгілі болғанындай, күдікті - Өзбекстаннан Қазақстанға өтпек болған өзге елдің азаматы. Ол сора өсімдігінің ұрығын бөдене құсына жем ретінде алып келе жатқанын айтқан.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.