20 мамырда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Қараөткел көпіріне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Сонымен қатар 20-22 мамыр аралығында Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген бейінді басқарманың хабарламасында.
Аяна Тоғанбек