17 Сәуір, 2014

Өндірісшілер сенімі жоғары

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың атына «Қазақстандық өнімді жасайық» V фо­румына қатысушылардан хат келді, деп хабарлады Президенттің бас­пасөз қызметі. Авторлар бұл форум жұмысына 500-ден астам делегат – 10 мыңнан аса адам жұмыс істейтін 200-ден астам отандық компания өкілдері қатысқанын мәлім­деген. «Форум деңгейі ірі компанияның бірінің жергі­лікті жеткізушілермен өзара қарым-қатынасын талқылау шеңберінен асып түсті. Бұл кездесу жалпы республикалық үнқатысу алаңына айналды, оның басты мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта бизнеске жүйелі әрі тиімді қолдау көрсету, оны әртараптандыру», – делінген хатта. Хат соңында Отандық өндірушілер форумына қатысушылар Мемлекет басшысына қазақстандық үлесті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірген. «Біз бұл бастамаға салалық ведомстволар мен ірі компаниялардың орасан мол күш-жігері жұмылдырылғанын түсінеміз және өз тарапымыздан қазақстандық өндірушілерге артылған сенімді ақтауға дайынбыз», – деп атап өткен авторлар.