Рухы биік елді ешкім жасыта да, жасқанта да алмайды. Сол үшін қазақтың рухын көтеру қажет. Осы орайда халқымыздың жылы жүрегінен орын алған тұлғаларды насихаттау, даңқын асыру аса маңызды.

Осы орайдағы жұмыстардың бірі ретінде ірі тұлғаларымыздың есімін жаңғырту, еңбегін насихаттау ісін айтуға болады. Жақында ғана Д.Қонаевтың есімінің облыс орталығы – Қапшағай қаласына берілуін дәл осы ыңғайдағы жарқын мысал ретінде айта аламыз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Д.Қонаевтың атын қалаға беру жөніндегі ұсынысы қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Президент өзінің бұл бастамасына аталған мәселенің халықтың арасында көп жылдардан бері айтылып жүргенін негіз еткені сөзсіз. Бұл да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асып жатқанынан бір мысал.
Рас, Д.Қонаевтың есімін қалаға беру ісі біздің де кейбір ойларымызға қозғау салып кетті. Солардың арасындағы маңызды деген бірін мақаламызға арқау етсек.
Тарих жақсы не жаман деп іріктеп, бөліп жатпайды, бәрін де өзіне қамтып алады. Демек, тарихта жақсы атпен де, жаман атпен де қалуға болады. Басқасын айтпағанда, қазақ ұлтының тарихында кімдер қалмаған? Көп қой, көп. Бірақ солардың арасында қатаң шарттар мен талаптарды алға тарта отырып іріктер болсаң, халықтың жылы жүрегінде ұмытылмастай болып сақталып қалған тұлғалар шоғыры өз алдына бөлек жарқырап шыға келеді. Олардың есімдері естілген жерде тек жақсы лебіздер ғана айтылады. Осынау тұлғалар шоғырының бел ортасында Жұмабек Ахметұлы Тәшенов тұр. Кез келген көзі қарақты қазақтан Ж.Тәшенов туралы пікірін сұрасаңыз, шабыттана сөз қозғап, ол кісі туралы жылы пікірін айтары сөзсіз. Сенбесеңіз, өз ортаңызға сауалнама жүргізіп көріңіз.
Жұмабек Тәшенов кім? Бұл сұраққа кең ауқымда жауап беруге болады. Алайда біз осы шағын мақаланы жазу барысында оны мақсат етпедік. Десек те, әлгі сұраққа нақты қысқаша жауап бере кетелік. Жұмабек Ахметұлы Тәшенов – кеңестік отаршыл саясат халқымызды қырып, Алаш арыстарын құртып біткен соң ат төбеліндей аз қалған қазақты ыдыратып, жерін бөлшектеуге білек сыбана кіріскенде қызылкөз империяның айтқанына көнбей, қарсы шыққан, осы батылдығы арқылы нақты мақсатына жетіп, ел мен жердің тұтастығын сақтап қалған ірі тұлға. Ол ұлтымыз үшін өзін құрбан етті. Қазақ үшін жанып кетті. Халқының мүддесі, болашақтың жарқын болуы үшін саналы түрде басын бәйгеге, тағдырын талқыға салды. «Азамат ердің баласы». Ж.Тәшеновтің тоталитарлық жүйеге қарсы күресі нәтижелі болды. Осы күрестің арқасында бүгінде Қазақстан әлемде тоғызыншы территория аталып отыр. Егер сол кезеңде Ж.Тәшенов бұғып қалып, Республикамыздың солтүстігіндегі бес облыс түгел Ресей құрамына өтіп кеткенде оларды қайтарып ала алар ма едік? Міне, Ж.Тәшенов ұлтқа төнген осындай аса ірі қауіптің бетін жалғыз өзі қайтара білді. Егер сол тұста ұлтымыздың тағдырын шешетін маңызды мәселе талқыға түскенде басқалар секілді Ж.Тәшенов те солқылдақтық танытып, өзінен жоғары тұрған билікке иіліп-бүгіліп ләппайлағанда бүгінде қазақ тәуелсіз ел бола алмауы да мүмкін еді. Ж.Тәшенов қызыл империя басындағылардың жымысқы ойын жақсы түсінді, ұлтын сатып кетпеді, қазақтың тағдыры қыл үстіне қойылғанын, өзі батыл әрекетке бармаса басқа ешкімнен қайран жоқ екенін терең ұқты. Бұл ұғыныс оның тарихи санасы таза, қазақтың нағыз ұлы екенін көрсетті. Қазақстан Үкіметінің басшысы лауазымында тұрып осындай ірілік көрсетті. Былай қарағанда кеңестік жүйеде осындай биік лауазым иесі негізінен өзінен жоғары тұрған орган басшысының ыңғайында болу үрдісі берік орныққан еді. Оның үстіне, негізінен Ж.Тәшенов Н.Хрущевтің «өз адамы» болатын. Пендешілікпен ойласаң, негізінен Ж.Тәшенов Н.Хрущевтің бес облысымызды Ресейге қосу туралы ұсынысын қолдауы керек-тін. Алайда Ж.Тәшенов халқының мүддесін өз басының мүддесінен жоғары қоя білді. Бұл жалаң кеудесін оққа төсегендей ерлік. Оны сын сағатта Тәңірдің қазақ халқына берген бағы демеске лажың жоқ. Өйткені ол кезінде бассыз қалған ұлтымызға қатал сынақ келгенде бас бола білді. Бұл ойымызға көзі қарақты кез келген қазақ қолдау білдіретініне сенімдіміз.
Патша көңілді қазақ қоғамы Жұмабек Тәшеновке көрсетіліп жатқан құрметті аздық ететіндей. Қоғам Ж.Тәшеновке қала не аудан атауын беруді шын қалайды. Осы мақсатқа жетпей қазақ халқының көңілі көншімейтіндей. «Халық қаласа хан түйесін сояды», деген аталарымыз. Халықтың осы қалауына Президент назар аударса деген тілегіміз бар. Кезінде Ж.Тәшеновтің батыл іс-қимылының арқасында өзімізде қалған солтүстік атыраптағы Степногор, Щучье не басқасының біріне Ж.Тәшеновтің есімі беріліп жатса, қазақтың рухы биіктей түседі. Сондай-ақ халық өзінің жанына жақын бірегей тұлғаға кім құрмет көрсетсе де оны көңілінің төрінен түсірмейді.
Алматыдағы құрылыс базарында өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 14:37
Теннисші Дмитрий Попко Испанияда чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 14:08
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар