Өңір басшысы Қанат Бозымбаев қала әкімдігінің активіне жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Болат Бақауовтың шағын және орта бизнес саласында басқарушылық тәжірибесі мол. Осы уақыт ішінде ол өзін кәсіби қабілеті жоғары, білікті басқарушы және ұйымдастырушылық қабілеті бар басшы ретінде таныта білді, деп атап өтті облыс әкімі. Жаңа әкім – 44 жаста.
Бұған дейін Павлодар қаласының әкімі болған Оразкелді Қайыргелдинов облыс әкімінің аппаратына басқарушылық қызметке ауысты. Жалпы, Оразкелді Әлиғазыұлы – Қашыр ауданын, Ақсу қаласын басқарған жұмыс тәжірибесі мол басшы. Сәйкестігі сол, бұған дейін Болат Бақауов та Қайыргелдиновтен кейін Қашыр ауданын, Ақсу қаласын басқарды.
Актив жиналысында облыс әкімі жаңадан тағайындалған қала әкімі Болат Бақауовқа облыс орталығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, қаланы абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.