Спорт • 20 Мамыр, 2022

Қазақстандықтар суперфиналда бақ сынайды

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамыр айының 20-22-сі күндері Грекия астанасы – Афи­нада су спор­­тынан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтеді. «Спирос Луис» су спорты орталығында әлем мықтылары шеберлік бай­қа­сатын үздіктер қатарында Қазақстан құрамасының өкілдері де бар.

Қазақстандықтар суперфиналда бақ сынайды

Мәдениет және спорт ми­нистр­­лігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Әлем кубогында ел намысын Наргиза Болатова, Ай­герім Құрманғалиева, Ка­рина Абдулина, Ксения Мака­рова, Этери Какутия, Анна Павлецова, Юлия Рогалева, Валерия Стол­бунова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы, Арина Пушкина, Ясмин Тұя­қова, Карина Магру­пова, Дарина Валиуллина, Эдуард Ким қор­ғайды. Ұлттық құрама­ның бас бапкері – Әлия Каримова.

Айта кетейік, FINA-ның әр­тістік жүзуден Әлемдік се­риясы 4 кезеңнен тұрады. Ал­ғаш­қы жарыс 20 наурызда АҚШ пен Канадада виртуалды түрде өтсе, 2-кезеңнің жарыстарын Франция астанасы – Париж қабылдады. Ал 3-кезең 7-8 мамыр күндері Аус­тра­лияда виртуалды форматта өтті. Қазақстан құрамасы бұл бәсе­кеде екі жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, қыздар құрмасы командалық еркін бағдарламада Канада (84,8000 балл) мен Из­раильден (83,9333 балл) кейін үшінші орынға табан тіреп, қола медаль жеңіп алды. Құраманың «Моана» ани­мациялық филь­мі­-
нің желі­сімен дайындаған «Вайана» бағдарламасына төрешілер 79,6000 ұпай берді. Ал еркін ком­бина­ция санатында Қазақстан спорт­шылары америкалық ком­по­зитор Брайан Сетцердің «Ма­ла­­генья» туындысына билеп, күміс медаль олжалады (79,4667 ұпай).

Әлем кубогының (4-кезең­нің) жалпы жүлде қоры – 257 000 АҚШ долларын құрайды. Афина төрінде жүзгіштер тағы 310 мың долларды сарапқа салады.

Грекияда өтетін бәсекенің ор­ны ерекше. Өйткені 17 мау­сымда Мажарстан астанасы – Будапештте су спорты түр­лерінен XIX әлем чем­пиона­тының шы­мылдығы түріледі. Яғни әлем біріншілі­гіне дейін іріктелген ең үздік атлеттер жүзу, дайвинг, су добы, әртістік жүзу мен ашық аспан астында суда жүзуден жүлдеге таласады. FINA күнтізбесіндегі осы шешуші жарыста спортшылар бар дайын­дығын пысықтай алады.