Қазақстан • 20 Мамыр, 2022

«ҚазАвтоЖол» шұңқырларды жаңа технологиямен жөндейді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық маңызы бар көлік жолдарының ұлттық операторы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жаңа технологияларды сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» шұңқырларды жаңа технологиямен жөндейді

Биылғы жол-құрылыс маусымы аясында Р-2 «Нұр-Сұлтан - Қорғалжын» республикалық тас жолының учаскесінде жол жабынындағы шұңқырларды жөндеу кезінде Венгрия өндірген «RapidAszfalt» суық асфальт қоспасын апробациялау басталды. Жаңа технологияның артықшылығы - оны қандай да бір дайындық жұмыстарынсыз, қыздырмай-ақ және қоспаларсыз пайдалана беруге болады.

Сондай-ақ бұл технологияны қолданған кезде ауыр арнайы техниканың қажеті жоқ, яғни, қолмен нығыздау және  вибро-машина ғана жеткілікті. Суық қоспа тез қатаяды, соның арқасында жөнделген аймақты бірден ары қарай қолдана беруге болады.

Өндірушілердің ақпаратына сәйкес «RapidAszfalt» технологиясын ауа-райы суық болған кезде де қолдана беруге мүмкіндік бар. Ол өз қасиеттерін -20°C-дан + 50°C-қа дейін сақтайды. Апробация сәтті өткен жағдайда аталған технологияны жол-құрылыс саласына енгізу жоспарланып отыр.