Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе-Атырау тасжолында жол апаты болып, әйел адам мен оның қызы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға бүгін сағат 00:10-да Ақтөбе-Атырау тасжолында болған. Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасымен бірге «Renault Duster» автокөлігімен жолға шыққан. «Ақтөбе–Астрахань» тас жолының 248 шақырымында, яғни, Қарауылкелді ауылынан 1 шақырым жерде жол жиегінде тұрған «Iveco» жүк көлігіне соғылған.

«Кейін «Renault Duster» автокөлігі жол жиегінде тұрған екінші «КамАЗ» жүк көлігіне барып соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің 41 жастағы әйелі мен 3 жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Отағасы және оның 2005 жылы туған ұлы Байғанин аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.