Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицияның уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынғаны туралы ескертулеріне қарамастан, кейбір азаматтар балық аулауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды

17 мамырда «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясы және патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы – Екатеринбург автожолында, яғни Приозерск қаласының маңында автокөлікті тоқтатты.

Көлікті көрші қаланың 35 жастағы тұрғыны басқарған. Полицейлердің құжаттарын көрсетіп, жүк салғышын көрсету туралы өтінішіне жүргізуші мазасыздана бастады. Полиция жүк бөлігін тексеру кезінде толқудың себебін анықтады. Ер адам салмағы 15 келі табан балықты алып келе жатқан.

Жүргізушінің балық тасымалдауға рұқсат құжаттары болмады. Балықшыға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Балық ресурстарын заңсыз өндіру арқылы табиғатқа келтірілген залал белгіленеді.

Аяна Тоғанбек