17 Сәуір, 2014

Моңғолияда Елбасына жыр толғаған Меруеш Башайқызы бізде қонақта (видео)

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Баян-Өлгий аймағының Ми­замхан бастаған азаматтары Қазақстан делегациясына қонақасы беруді парыз санапты. Көк тәңірі резиденциясының ішінен олар да 12 қанат қазақы киіз үй тігіпті. Үйдің ою-өрнегі айтып жеткізгісіз. Сол жерде үкілі домбыра алып, өзі де үлбіреп тұрған Меруеш Башайқызы деген қарындасымыз Қазақстан Президентіне арнау айтты. Президент талай арнауды естіп жүргені белгілі. Бірақ атажұрттан алыс­тағы жұрттың сағынышы, аңсауы, өксігі, өкініші, үміті, бола­шағы жатқан бұл арнаудың жөні бө­лек болды. Наз да бар, базына да бар, тілек те бар, қайсарлық та бар. Бәрі-бәрі даусы ерен, әні ерен, сөзі ғаламат осы арнаудан табылар еді. Бұл Елбасының 1993 жылдың күзінде Моң­ғолияға жасаған сапарының ба­ры­сын «Егемен Қазақстанда» жа­рия­лаған Қайнар Олжайдың сапар­намалық очеркінен үзінді. Осыдан 21 жыл бұрын Ел­ба­сының Моңғолияға жасаған алғашқы сапарында толғау жырын шырқаған 17 жасар Меруеш қыз қазір Қарағандыда тұрады екен. Меруешті редакцияға ша­қы­рып, толғауды тағы бір тың­­дадық. 140417-51 140417-52 140417-53 140417-54 140417-55 Cұңғат ӘЛІПБАЙ, Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ