Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы конституциялық реформаларды талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, «Тұран-Астана» университетінің ректоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Гүлжамал Жапарова, «Астана медицина университетінің» проректоры Жанар Бөкеева, Еуразия гуманитарлық институты ректорының м.а. Амангелді Исмайылов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, Астана Медицина Университетінің Медициналық құқық және этика кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов және ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушылары қатысты. Кездесуге қатысушылар Конституцияның ел дамуындағы рөлін, сол сияқты «Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтіп, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді.
«29 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға түзетулер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Президент Қазақстандағы референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткенін атап өтті. Отырысқа қатысушылар жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның негізгі рөлін талқылады, сондай-ақ дауыс беру қорытындылары елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қалай әсер ететініне талдау жасады», деп атап өтті «Тұран-Астана» университетінің ректоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Гүлжамал Жапарова.
Өз кезегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, Астана Медицина университетінің Медициналық құқық және этика кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов конституциялық түзетулер жайлы айтып өтті.
«Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» екенін бірнеше рет атап өтті. Ал әділеттілікке азаматтардың құқықтары жан-жақты сақталған және қорғалған жағдайда ғана қол жеткізіледі. Адам құқықтарын қорғау институттарының рөлін арттыру үшін Конституцияға адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы дербес бап (83-1-бап) енгізіледі. Реформалар Бас прокуратураның өкілеттігін кеңейтіп, рөлін күшейтеді. Судья лауазымына арналған конкурстың онлайн-трансляция практикасын енгізу, сондай-ақ оның қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелерді жариялау ұсынылады», деді профессор.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» ХХХІ сессиясында айтылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы – еліміздің 81 аккредиттелген жоғары оқу орнын біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Онда республиканың барлық студенттерінің 86%-дан астамы оқиды.
Ұйымның миссиясы Қазақстанның, ТМД елдерінің серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуына және әлемнің дамыған елдерінің білім деңгейіне жауап беретін білім беру сапасын арттыру болып саналады.
Аяна Тоғанбек
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар