Оның ішінде: Алматы қаласында - 3, Шымкент қаласында – 2.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 691 жетті.
Сондай-ақ өткен тәулікте 11 адам коронавирустан жазылды.
22 мамырдағы мәлімет бойынша, 135 адам коронавирус инфекциясынан (–81+ және 54 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 49 пациент стационарда, 86 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Аяна Тоғанбек