«Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС басқарма төрағасы, Amanat партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Жиындарға Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы, партия жанындағы облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Жаңадан ашылған Түркістан музыкалық драма театрында мәдениет саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде референдумның мән-маңызы жөнінде кеңінен әңгімеленді. Сондай-ақ белсенді қоғам өкілдері маңызды бастаманы қолдауға шақырып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
«Референдум әрбір азаматтың билікке араласуын, биліктің халыққа қызмет етуін, екеуінің арасында алшақтық болмауын негізге алып отыр. Бұл – Үкімет әділ, шынайы әрі ашық болсын деген қағидадан туындаған шешім. Жалпы, елдің өркендеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек», деді республикалық штаб мүшесі Д.Қыдырәлі. Ал Түркістан жоғары медициналық колледжінде медицина саласының қызметкерлері және студенттерімен кездесу ашық диалог негізінде өтіп, бүгінгі күні маңызға ие болып отырған референдум жайы сөз болды. Конституцияға өзгерістер енгізілетін 33 баптың әр тармақтарында көрсетілген салалық заңдарға жекелей тоқталған Дархан Қыдырәлі олардың басым бөлігі негізгі тармақтарға яғни мемлекеттік басқару, құқықтық және саяси жүйеге қатысты екенін атап өтті. Қатысушыларды алдағы уақытта жолымызды айқындайтын жаңа бастамалардан қалыс қалмай, қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
Республикалық және облыстық штаб мүшелері Сайрам ауданында бірқатар елді мекенді аралап, тұрғындармен кездесті. Аудан тұрғыны Низамхан Сүлейменов банктен 6 млрд теңге несие алып, өз қаражатынан 1 200 орындық 4 мектептің құрылысын жүргізуде. Бұл әлеуметтік салаға толықтай жете бермейтін мемлекеттік бюджет үшін айтарлықтай көмек. Штаб мүшелері соның бірі – Манкентте салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты. Мектеп жаз айының соңында пайдалануға беріліп, оқушыларды қабылдайды деп жоспарлануда.
Кездесулерде негізінен 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум туралы айтылды. «Бұл референдумның орны бөлек. Президенттің өкілеттігін бөлісу, Парламенттің және соттың ықпалын күшейту, сайлау жүйесін нақтылаумен ерекшеленуде. Кездесулерде Конституциялық түзетулерге қатысты жақсы ұсыныс-пікірлер айтылды. Жалпы, Түркістан жұртшылығының референдумға деген үлкен қызығушылығын көрдік. Белсенділігін байқадық», дейді республикалық штаб мүшесі. Жиын қатысушылары тарапынан да өзекті тақырыптар қозғалып, Д.Қыдырәліге ұсыныстар айтылды. Мәселен, «Манкет агро 2020» атты ірі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Батыр Анарметов шаруа қожалықтарына субсидия бөлуге қатысты кедергілерді баяндады. Ал Қарабұлақ ауылындағы №100 мектепте өткен кездесуде мектеп ұжымы, жалпы, ауыл тұрғындарының елдегі саяси реформаларды ерекше үмітпен қарсы алып отырғаны аңғарылды. Ауыл халқы, мұғалімдер мен дәрігерлер жоспарланып отырған саяси реформаларға оң көзқарастарын білдірді. Кездесулерге облыстық мәслихат депутаттары да қатысып, Жаңа Қазақстанның іргетасы іспеттес референдумды қолдауға үндеу жасады.
Түркістан облысы
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар