Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында партия активі, зиялы қауым өкілдері, бастауыш партия ұйымдары мүшелерімен, қалалық су электр стансасы ұжымымен бірқатар кездесу өткізіп, алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын талқылады.

Зиялы қауыммен кездесуде атқарушы хатшы жаңа облыстар құрылғаннан кейін Қонаев қаласы Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде осы өңірдің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.
«Қонаев қаласының тұрғындары – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздегі ауқымды өзгерістерді қызу қолдаған алғашқылардың бірі. Енді саяси реформалар бағытын толық жүзеге асыру үшін Екінші Республиканың саяси іргетасы болатын конституциялық реформа жүргізу ұсынылып отыр. Еліміз демократиялық қағидаттарды толығымен ұстанады. Бұған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың жаппай дауыс беруі арқылы енгізілетіндігі дәлел бола алады. Қала тұрғындары да бұл саяси науқанға белсенді қатысатынына сенімдіміз», деді Асхат Оралов.
Өз кезегінде Іле ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Ербол Тұрымбетов облыс және қаладағы зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мәдениет және спорт қайраткерлері дауыс беруге шығарылатын түзетулердің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып жатқанын хабарлады. «Референдум – бұл халқымыз үшін сынақ іспетті. Кездесулер барысында халықтың бұл бастаманы жоғары бағалайтынын және дауыс беруге қатысуға дайын екендігін көреміз. Өйткені елдегі кез келген өзгеріс түптеп келгенде Ата Заңға байланысты екені белгілі», деп атап өтті ол.
Партия активінің жиыны барысында Асхат Оралов аманаттықтар Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі және елдің ең ірі саяси күші бола отырып, барлық өзгерістің алдыңғы шебінде болуға тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия да бүкіл еліміз сияқты трансформация процесін бастан өткеруде және қазір қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар бағыты төңірегінде топтасуы маңызды.
Қалалық су электр стансасының ұжымымен жүздесу барысында да алдағы өзгерістер жайы талқыланды. Кездесуге қатысушылар жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, дауыс беру күні қала тұрғындары жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар