Қостанай ауданындағы «Арғымақ» ипподромында ұлттық ат спорты жарыстарының жаңа маусымы ашылды. Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Балалар жылына арналып отырған айтулы спорттық іс-шарада қазақтың ежелден келе жатқан қыз қуу, аударыспақ, көкпар ойындары өтті. Ал дүйім жанкүйер жұрттың делебесін қоздырған аламан, құнан жарыстарда еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінен келген сәйгүліктер бәйгеге түсті.
Жаңа маусымның ашылу рәсіміне жиналған спортсүйер көпшілікті облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ат спорты түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай құттықтап, аталмыш шараның басты мақсаты Қостанай жылқысын насихаттау екенін, бүгінде осы тұқымды көбейту жолдары қарастырылып жатқанын айтты.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, Қостанайда 1889 жылы қазақ қазанатының негізінде жылқы зауыты ашылып, алпыс жылға жалғасқан үздіксіз күрделі будандастыру жұмыстары жүргізілген көрінеді. Нәтижесінде, алынған Қостанай қазанаты 1951 жылы ресми түрде жеке тұқым ретінде тіркеліпті. Бітімі дала жылқысына тән шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяғы сіңірлі, болат тұяқты болып келетін асыл тұқымды бұл тұлпардың саны 1969 жылғы санақ бойынша 44 мыңға жеткенімен, қазір мүлде азайып кеткен.
Сондықтан бұл жолғы бәйгеде Қостанай қазанатына айрықша мән беріліп, тек осы тұқымға арналған 1 000, 1 800 метрлік ұшқыр жарыс, 5 шақырымдық құнан бәйге және 18 шақырымдық аламан ұйымдастырылды. Мұның сыртында, аралас тұқымды сәйгүліктердің 4 шақырымдық құнан жарысы мен 16 шақырымдық аламан бәйгесі өтті.
Аралас тұқымды және таза Қостанай қазанаттары арасында өткен аламандарда Ақмола облысының сәйгүліктері топ жарды. Аралас тұқымды жуан аттардың 16 шақырымдық бәйгесінде шашасына шаң жұқтырмаған Тойдуман атты дүлдүл бірінші орын алды. Ал Қостанай тұқымды жуан аттар арасында өткен 18 шақырымдық бәйгеде Ақмола облысынан келген атбегі Әділет Тасмағамбетовтің Занзибара атты тұлпары мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, аламанның бас жүлдесі жеңіл автокөлікке қоса, 900 мың теңгені олжа етті.
Қазақтың ұлттық өнері аударыспақта Рүстем Жүгінісовке ешкім шақ келмеді. Ал көкпар тартысында Тобыл қаласының ойыншылары жеңіске жетті. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл өңірде Қостанай тұқымды арғымақтар мен Қостанай будандарына ғана арналған 22 бәйге өткізу жоспарланып отыр.
Қостанай облысы
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар