Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

895 жаяу бағыттағы патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Анаров және Төле би көшелерінің қиылысында қызмет атқару барысында жергілікті тұрғын көмек сұрайды.
Айтуынша, сол маңдағы Қапал батыр көшесіндегі көпірден ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, көпірдің жақтауында секіргелі тұрғанын көрген. Аталған жайт күндізгі уақытта болған. Бұл жағдайға бей-жай қарамаған тәртіп сақшысы дер кезінде оқиға орнына жеткен.
Ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын көреді. Оны сөзге тарта отырып, жедел әрекет етіп, жанына жақындап қауіпсіз жерге шығарады. Осы оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған. Сондай-ақ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларында азамат алдымен жолда жүріп жатқан көліктердің астына түспекші болғаны белгілі болды.
«Күнделікті жұмысқа келгенде бірінші ойым - қоғам тыныштығын сақтап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызмет барысында менде мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Менен көмек сұрағанда, бірден ол адам мен жеткенше жаман қадамға бармай, өмірін құтқарып қалсам екен деген ниет болды. Аллаға шүкір, азаматты құтқарып үлгердік, ол дін аман», деді полицей Жанболат Тастахов.
Өмірімен қош айтыспақ болған азаматтан мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп, үйіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері жедел әрекеттерінің арқасында тұрғынның өмірін құтқарып қалды.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар