Іс-шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырған.
Көрмеде азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының 350 компаниясы, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірушілер таныстырылды. Олар елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін көрсетті. Іс-шара аясында «Халық Таңдауы» тәуелсіз дегустациялық конкурсы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер және ерлер киімдерінің топтамалары ұйымдастырылды. Сол сияқты көрме қатысушылары арасында күнделікті ұтыс ойындары өткізілді.
«Ulttyq Onim көрме-жәрмеңкесін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оның негізгі идеясы – Қазақстанда өндірілген өнімдерді дамыту. Іс-шараға экономикамыздың түрлі салаларында өнім өндіретін 350-ден астам кәсіпорын қатысты. Оның ішінде 45-тен астамы – біздің экономикамыздың 8 саласының өкілі болып саналатын Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындары, сондай-ақ ұлттық өнімдерімізді дамытатын қолөнершілер. Бұл алаң отандық өнімдерді дамыту үшін өте пайдалы, оны халық арасында танымал ету үшін, бұл да өте маңызды, сондай-ақ одан әрі экспортқа бағытталу үшін де маңызды», деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев.
«Фабрика 2011 жылы құрылған. Біз үшін тау-кен өнеркәсібіне дағдыланған аяқ киімдер өндіреміз. Көрме біздің өндірісті ұлғайтуға, облыс аумағынан тыс жоғары деңгейге шығуға үлкен мүмкіндік береді. Жұрт біздің не өндіретінімізді білу үшін мұндай көрмелерден қалмай, қатысуға тырысамыз», деді Қарағанды аяқ киім фабрикасының қызметкері Рустам Таласбеков.