Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында 27 жастағы қала тұрғынын тоқтатып, тексеру кезінде 60 дана орам синтетикалық есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 33 грамм болатын синтетикалық есірткі екендігі дәлелденді.
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», деді Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.
Айта кетейік, бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азамат Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аяна Тоғанбек