Қазақстан • 24 Мамыр, 2022

Тұрақты бейбітшілік ортақ күш жұмсауды қажет етеді

378 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

PeaceTalks дискуссиялық алаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті.

Тұрақты бейбітшілік ортақ күш жұмсауды қажет етеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі қарсаңында өткізілген конференция жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев модераторлық етті.

Іс-шараға Әл-Азхардың Ис­­­ламдық зерттеулер акаде­мия­сының бас хатшысы Назир Мухаммед Му­хаммед аль-Назир Аяд, Вати­канның Дінаралық диа­лог бо­йынша Папалық кеңе­сінің Ис­лам мәселелері жөнін­дегі бю­ро­сының басшысы, монсеньор Халед Акаше, Ресей-араб зерттеу және ақпарат орта­лы­ғының төрағасы Маджид Абду­л­азиз ат-Турки, Иран Ислам Рес­пуб­ликасының Мә­дениет және ислам байланыстары ұйымының Дін­дер мен мәдениеттер диало­гы ор­та­лығының Ислам және Хрис­тиан диалогы департа­ментінің дирек­торы, доктор Зах­ра Рашид­бейги, «Сомайя Видья­вихар» уни­вер­ситетінің Кон­фессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағ­дарламасының хатшысы Руд­рак­ша Сакрикар, Ислам тарихы, мәдениеті және өнерін зерт­теу орталығының бас дирек­торы (IRCICA) Кылыч Махмуд Эрол, Қазақстанның бас рав­вині Ешая Элазар Коген, Қазақ­стандағы Інжіл-лютеран шір­кеуінің архиепископы Ю.Нов­го­родов, ҚМДБ Насихат және жұрт­шылықпен байланыс бөлі­мінің басшысы, ғалымдар кеңе­­сінің хатшысы Б.Мансұров, Сера­фим ғибадатханасының Клю­­чарі, протоиерей Е.Королков, КЕКЦА бас­пасөз хатшысы (Қазақ­­стан және Орталық Азия епис­­коп­тарының конференциясы), монсеньор П.Пытлованы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ жетекші менеджері Т.Төлеу қатысты.

Халықаралық конференция барысында қатысушылар бей­бітшілікті тұрақты дамыту және ынтымақтастықты нығайту бо­йынша күш-жігерді шо­ғыр­ландыру үшін әлемдік және дәс­түрлі діндер лидерлерінің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлері съезінің мақ­сат­тары мен міндеттеріне кеңі­нен тоқталған Б.Сәрсенбаев қазір­гі заманғы сын-қатерлер мен қа­­уіп­­тердің ушығуы аясында өзек­­тілігі мен қажеттілігін көр­сет­кен съездің тарихы мен мис­сиясы туралы айтып берді. «Съез әлемдік діндер лидерлері мен ірі саяси қайраткерлердің нәти­желі кездесулері мен ком­му­никациялық өзара іс-қимылын қам­тамасыз етеді. Іс-шара сон­дай-ақ адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлін айқындау үшін қажет» деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам мәселе­лері жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор Халед Акаше халықаралық конференцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, іс-шараның тақырыбы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлкен маңызға ие екенін айтты. Сөз тізгінін алған Рудракша Сакрикар әлемнің тұрақты дамуының негізгі аспектілері ретінде қоғамды, қоршаған ортаны, мәдениет пен экономиканы атап өтті. Ол дін үйрететін этикалық және моральдық құндылықтар мен діни көшбасшылардың үлесі тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Ислам тарихы, мәдениеті және өнерін зерттеу орталығының бас директоры (IRCICA) Махмуд Эрол Кылыч олардың ұйымы ғы­лыми-зерттеу жобаларының, конференциялар мен көркемдік іс-шаралардың нәтижелерін көп­шілікке тарату арқылы әлемнің тұрақты дамуына үлес қосатынын хабарлады. Сондай-ақ діни лидер­лердің түрлі ғылыми конфе­ренцияларының күн тәртібі, оның ішінде осы конференция олардың мәдени дипломатияға қосқан үлесін айқын көрсетеді.

Конференцияға қатысушылар іс-шараны ұйымдастыру жө­нін­дегі бастамасын оң бағалап, конфессияаралық және өрке­ниет­аралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңыз­ды­лығын атап өтті.

Б.Сәрсенбаев шетелдік және қазақ­стандық дін лидерлері мен сарап­шы­лардың баяндамаларын қоры­тындылай келе, онлайн конферен­ция әлемнің тұрақты дамуын ілгері­ле­тудегі тағы бір қадам болатынына сенім білдірді.