17 Сәуір, 2014

Ирандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық білдірді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Изображение 114

Сәуірдің 16-сы күні Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев Иранның Tejarat Almas холдингінің басшылығымен кездесті. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында ирандық делегацияға ЭКСПО-2017 жобасы таныстырылды. Сонымен қатар тараптар туризм және құрылыс саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО жобасына шетелдік капиталды қатыстыруды ынталандыруға байланысты қазақстандық жақтың жасап жатқан шаралары мен Қазақстанның туристік қабілеті жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Tejarat Almas холдингі 150-ге жуық компанияны біріктіретін көп салалы мекеме болып табылады. Ол тұрғын үй, офистік ғимараттар салу, ІТ технологиялар және туристік бизнес салаларында жұмыс істейді. Жылдық қаржы айналымы - 3,5 млрд. АҚШ долларынан астам. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЭКСПО нысандарына инвестиция салу мәселесін тереңірек зерттеуге уағдаласты. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Фото: «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20