Философия, саясаттану және дінтану институтында өткен «Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процесстер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өңірлердегі этникалық топтар, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері, қоғамдағы тұрақтылық мәселесін қозғалды.

Институт директоры Серік Сейдуманов елімізде соңғы кезде болған оқиғалар тұрғысынан қарастырғанда этносаралық интеграция процестерін зерттеу, қоғамды топтастыру және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру жылдан-жылға өзекті болып бара жатқанын атап өтті. «Негізгі міндет – мемлекеттік этносаяси басқаруды оңтайландыру және бұқаралық сананың қарым-қатынасын зерттеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу, этносаралық шиеленістерді төмендетуге ықпал ету», деді ол. Алда өтетін республикалық референдум саяси жаңғырту мәселелерін шешуге арналғанын негізге алған институт директоры: «Қоғамдық өмірдің этноәлеуметтік, этносаяси, этномәдени саласында үйлесімді нығайтуда заңнамалық базаны жетілдіру – саяси-құқықтық жүйені жаңғыртудың стратегиялық міндеті», деді. Осы орайда институт ғалымдары Президенттің референдум өткізу идеясын қолдай отырып, жалпы құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге, көп мәдениетті білім мен тәрбиені одан әрі жетілдіруге, этносаралық өзара іс-қимылдағы шиеленісті жеңілдетуге бағытталған жоспарлы, жүйелі реформаларға атсалысады.
Институт жүргізген зерттеулерге сүйенсек, республика жұртшылығының айтарлықтай бөлігі этникалық шекараға бөлініп, өзара қатынас мәдениетінде арақашықтықты ұстанады, ал этникалық ынтымақтастық өмірлік маңызды басымдықтарды таңдау барысында ғана көрініс табады. Осы орайда С.Сейдуманов: «Этноцентризм идеологиясы азаматтық бірегейлікті дамытуға кері ықпал етіп келеді. Ішкі этникалық консолидацияның дамуы төтенше жағдайға тап болғанда, мысалы, пандемиядан шығуда нәтижесін беретін әдіс. Қоғамға ұлтына қарамастан, ортақ Отан сезімімен, барлық халықтардың тағдырына жауапты бола білу сияқты азаматтық ынтымақтастық керек. Азаматтық ұлтқа айналуда этникалық және азаматтық идеология түзу, этноцентристік қарым-қатынастан паритетті-демократиялық көзқарасқа өтуге ынталандыру қажет. Сондықтан этникалық мәдениет тоғысында бізге біріншіден, «қазақ мәдениеті – шағын этностар мәдениеті» бағыты бойынша институционалды зерттеулер қорытындысы, сонымен қатар этноәлеуметтік үдерістерде әлеуметтік, саяси технологияларды әзірлеу қажеттігі туындайды. Яғни алдағы уақытта Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің ошағы ретінде дамуы қажет», деді.
Бүгінгі таңда этнодемографиялық жағдай 20 жыл бұрынғыдан да мүлде басқаша сипат алған. Этникалық азшылықтардың идентификациялық басымдықтары мен тәжірибесі ұлттық құрылыстың этникалық, азаматтық және трансұлттық векторлар арасындағы жағдайында әлі де қалыптасып келеді. Конференция модераторы, институттың Этносаяси зерттеулер секторының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтарбек Шайкемелев «2021-2022 жылдарда Қазақстан Республикасында этноәлеуметтік үрдістер динамикасын зерттеу мен болжау мотниторингі» жобасы аясында институт мамандарының Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерінің осы жиынға негіз болып отырғанын жеткізді.
«Референдум, елдегі саяси реформалар біздің зерттеулеріміздің бағдарын өзгертеді. Өйткені, бүгінде азаматтарымыз белсенді, көкейкесті мәселелер туралы айтудан қашпайды. Олар көтерген мәселелердің төркіні де бір. Осы орайда еліміздің оңтүстігіндегі этносаралық жағдайға зер сала қарағанда этникалық топтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік тәжірибесі тереңірек зерттеуді қажет етеді», деп атап өтті М.Шайкемелев. Ол сондай-ақ қазіргі жағдайдағы көші-қон мәселесіне тоқталып, көрші елдерден, Ресейден келушілердің ішкі ахуалға ықпалы тұрғысындағы ойларымен бөлісті. «Бұл бағытта жақын маңдағы елдерді зерттеумен тұрақты әрі үздіксіз айналасып отырған көрші елдердегі институттардың жұмысы мен этносаяси жағдайларға ерекше мән беру керек», деді сарапшы.
Орталық Азия, Кавказ және Орал-Поволжьені зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Игорь Савин жергілікті қоғамдастық көзқарасымен Қазақстандағы этносаяси үрдістерге шолу жасап, оңтүстік өңірдегі этносаяси ахуал барысына тоқталса, И.Джавахишвили атындағы Тбилиси МУ Саясаттану институтының директоры, саясаттану ғылымдары докторы, профессор Малхаз Мацаберидзе заманауи Грузиядағы бірегейлік тақырыбын қозғап, елдің сыртқы, ішкі саясаттағы ахуалы, Ресей, Украина, Абхазия елдерінен ауған босқындар мәселесін қозғады. Ал Г.Плеханов атындағы РЭУ Ташкент филиалының доценті Равшан Назаров Өзбекстандағы этникалық саясаттың зерттелу барысымен бөлісіп, көрші ел тәжірибесіндегі этникалық қатынастар, заңнамалық құжаттар, азаматтар құқығы төңірегінде ой түйді.
Еліміздегі демографиялық ахуал, қала мен ауылдағы туу көрсеткіштеріне байланысты ауқымды зерттеулерімен бөліскен С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайтану» ҒЗО ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Алексеенко «XX ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси факторлар контекстіндегі қазақстандық әйелдердің репродуктивті стратегиялары» баяндамасында халық саны, аймақтық ерекшеліктер туралы айтып өтті.
«Этносаяси менеджментті оңтайландыру арқылы еліміздегі этносаралық шиеленіс деңгейін төмендетіп, көкейкесті мәселелерді анықтай аламыз»деген тұжырымды құптаған зерттеуші ғалымдар этноәлеуметтік үдерістерді талдау, сын-тегеуріндерді зерттеу Қазақстандағы этнос өкілдерінің бірлігі мен келісімін нығайту жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді деген тоқтамға келді.
АЛМАТЫ
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар