Қазақстан • 24 Мамыр, 2022

Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар. Бұған былтыр қараша айынан бастап қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық жағдай ықпал ете алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды

«Шардара су қоймасына вегетация кезеңіндегі ағын 3,9 млрд текше метрді құрауға тиіс. Бұл вегетация кезеңін шығынсыз өтуге мүмкіндік береді. Шу және Талас өзендерінің бассейнін сумен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақты. Шу-Талас су шарушылығы комиссиясының ХХХ отырысында мемлекетаралық каналдар бойынша Талас өзенінің бассейні арқылы 500 млн, Шу өзенінің бассейні арқылы 220 млн текше метр су беру кестесіне қол қойылды. Сондай-ақ гидрологиялық болжамдардың негізінде Сырдария трансшекаралық өзенінің бассейнінде күрделі су шаруашылығы жағдайы түзілген. Бірақ қабылданған іс-шаралар және қолайлы климаттық жағдайдың арқасында ахуал тұрақтанды. Осылайша Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2,5 есе ұлғайды», деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл Шардара су қоймасының 5 млрд текше метрге дейін толтыруға және осы кезде Көксарай қарымта реттегішіне 822 млн текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік берген.

«Аталған кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд текше метр су келіп түсті. Осылайша вегетация басталар алдында Сырдария өзенінің арнасын толтыру, суармалы алқаптарды ылғалдандыру, көл жүйелері мен шабындық жерлерді суландыру жүзеге асты», деді Серікқали Брекешев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше