17 Сәуір, 2014

Павлодарда тепловоз бен автобус соқтығысып, бір адам қаза болды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-14-Teplovoz. abtobus01

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты маңында, дәлірегі,  теміржол өткелінде жолаушылар мінген шағын автобус пен тепловоз соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір адам мерт болып, сегіз жолаушы жарақат алды. Бұл туралы ВNews.kz хабарлады. Жол апаты «Ford Tranzit» маркалы автобус жүргізушісінің кінәсінен болған. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолды қиып өтіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Жарақат алғандардың арасында бесеуінің жағдайы ауыр. Қазір орын алған жол апатын тексеруге байланысты «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы тарапынан арнайы комиссия құрылды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: ВNews.kz. Фото: altyn-orda.kz.