Елорда • 24 Мамыр, 2022

Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысын газбен қамту жұмыстары жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады

«Өздеріңіз білетіндей, «Сарыарқа» магистральді газ құбырының I кезеңінің құрылысы 2019 жылы аяқталды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының әкімдіктері газ тарату желілерін жүргізіп жатыр», деді Болат Ақшолақов бүгін өткен Үкімет отырысында.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірінші және екінші кезектің екі іске қосу кешенінің құрылысы аяқталып, «Көктал-1,2», «Агрогородок», «Железнодорожный», «Промышленный», «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный» т/а, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жағында, Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігіне газ берілген.

Нәтижесінде 14 мыңнан астам абонент немесе 191 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізді.

«Биыл республикалық бюджеттен шамамен 92 мың адам тұратын Тельман, Пригородный, Фэмили Вилладж, Гарден Вилладж, Ильинка, Қараөткел, Шұбар, Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптарына жеткізу желілерін салуды көздейтін 2,3-кезектің құрылысына 23 млрд теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімдігі газ тарату желілерін салу жобасын қатар әзірлеп жатыр», деді Ақшолақов.

Қарағанды облысын газдандыру бойынша Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларының бірінші іске қосу кешенін аяқтады.

Нәтижесінде шамамен 2,7 мың абонент немесе 8,1 мың адам табиғи газға қол жеткізді.

Сондай-ақ әкімдік Шет, Бұқар жырау аудандары мен Жәйрем кентін газдандыру жобасын дайындап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше