Қазақстан • 24 Мамыр, 2022

Ақшолақов Ресейден газ тартудың оңтайлы жолдарын атады

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі Солтүстік өңірлер мен ШҚО-ны газдандыру бойынша 2 нұсқаны қарастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақшолақов Ресейден газ тартудың оңтайлы жолдарын атады

«Бірінші нұсқа – Ресей Федерациясынан газ тарту. Бұл нұсқа қазақстандық-ресейлік жұмыс тобының шеңберінде қарастырылуда. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, газдандырудың нұсқаларын қарау үшін тұтынудың шамадағы көлемін анықтап, ресейлік тарапқа жолдады. Сондай-ақ газ құбырларының оңтайлы маршруттары анықталды, бұл – ұзындығы шамамен 1 мың шақырым «Барнауыл – Рубцов – Семей – Өскемен - Павлодар қаласында тармақталуы» және 644 шақырым болатын «Есіл – Петропавл – Көкшетау – Нұр-Сұлтан», деп түсіндірді Болат Ақшолақов Үкімет отырысы барысында.

Министрдің айтуынша, қазір ресейлік тарап есеп жүргізіп жатыр, оны биылғы екінші тоқсанда алу болжанған.

«Сондай-ақ біз ШҚО мен солтүстік өңірлерді Ресей Федерациясынан сұйытылған табиғи газды жеткізу арқылы газдандыру нұсқасын зерттеп жатырмыз. Бұл ретте ол үшін компримирлеу мен қайта газдандырудың тиісті инфрақұрылымын салу және құрылысқа тиісті инвестициялар салу талап етілетінін атап өткен жөн», деді Энергетика министрі.

Сондай-ақ газдандырудың тағы бір баламалы нұсқасы – газды «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан беру.

«Қазіргі таңда «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін «Сарыарқа» МГҚ-ның 2-3-кезеңдерін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзетті. Мемлекеттік сараптама маусым айында шығуы мүмкін. алудың күтілетін мерзімі – биылғы маусым. «АстанаГаз ҚМГ» ақпараты бойынша, материалдардың қымбаттауын ескере отырып, ұзындығы 483 км болатын «Сарыарқа» МГҚ-ның 2-3 кезеңдерін салу құны - шамамен 165 млрд теңге», деп қосты Болат Ақшолақов.