Туризм • 24 Мамыр, 2022

Түркістанға келушілер көбейді

766 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Түркістан облысына келетін ішкі туристер санын 261 000 мыңнан, шетелдік ту­ристер санын 7 200-ден асы­ру, келушілер санын 1 млн 300 мың адамға дейін жеткізу міндеті жүктелген бо­латын. Міндеттемені ар­ты­ғымен орындау мақса­тын­да атқарылған іс аз емес.

Түркістанға келушілер көбейді

Облыстық туризм басқар­масы­ның басшысы Г.Ақбер­дие­­ваның айтуынша, 4 айдың қо­ры­тындысы бойынша «Әзірет Сұлтанға» 180 мыңға жуық адам келген. Осы арқылы өңірдегі санаторилерге келушілер де кө­бейді. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту есебінен «Ке­руен сарайға» келетін турис­тер мен қонақтар ағыны артты. Ме­реке күндері қонақүйлердің нөмірлік қоры толықтай сатылды, наурыз және сәуір айларында қонақүйлердің орташа жүктемесі 41%-ға жетті, республика бойынша орташа жылдық жүктеме – 20%. Туристік сала кәсіпкерлерімен байланыс нығайып, туристік нысандарды әлеуметтік желілерде насихаттау күшейген. Алматы облысының «Лимон» туристік операторы бір-екі күндік шығу турын ұйымдастырады, аптасына екі рет 50 адамнан келеді. «Визит Түркістан» туроператоры наурыз және сәуір айларында қала бойын­ша 300-ден астам экскурсия өткізген. Жалпы, облыста туризм саласындағы көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Шектеулер мен карантиндік шараларға қара­мас­тан, былтыр туризм саласында көр­сетілген қызметтер көлемі 3.85 млрд теңге болды және 2019 жылмен салыстырғанда 209%-ға өскен. Былтыр өңірдің туризм саласына 102 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша облыс ел көлемінде алдыңғы қатарда.

Басқарма басшысы Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес өңірде ішкі және сыртқы туризмді дамыту, ке­лушілер мен туристер санын арт­тыру, салаға инвестиция тарту және өзге де міндеттер жүктел­генін айтады. Орындалуға тиіс міндеттер мен тапсырмалар және жоспарлар да аз емес. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түркістанда мереке күн­дері «Керуен сарайда» атаулы іс-шаралар ұйымдастырылып, еліміз бен шетелдің танымал әншілері өнер көрсетіп келеді. Жыл соңына дейін әншілер мен жұлдызды топ­тардың қатысуымен 17 іс-ша­ра ұйымдастырылмақ. Үкімет бекіткен «Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарға» сәйкес «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан 25 іс-шараны өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы және «Керуен сараймен» іс-шаралар тізбесін пысықтауда. Іс-шаралар тамыз айында басталады деген жоспар бар. Биыл басқарма тарапынан өңірдің туризм саласын ілгерілетуге бағытталған Karavan Statue Street Art мүсін­дер фестивалі, Taiqazan гас­тро­фестивалі, «Батыр Батлс» фес­тивалі секілді жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

а

Түркістанда құрылысы жүріп жатқан «Түркістан» туристік-ре­креа­циялық орталығының жа­ғажай туризмін дамытуға серпін берері анық. Аталған орталықта демалуға, шомылуға, су спорты түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалады. Жалпы ауданы 85 гектар жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезеңге жалғасады. Жасанды көлдің сы­йым­дылығы – 2,5 млн текше метрге жуық. Нысанның жер жұ­мыстары толық аяқталған. Көк­темгі суды қабылдайтын, су жіберетін каналдар да дайын. Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отыр­ғызылып, балалар демалыс аума­ғы, элиталық коттедждер мен қонақ­үйлер, аквапарк салынады. Ал құрылысы жүріп жатқан ескек есу базасына сынақтан өт­кізу үшін су жіберіле бастады. Осы арқылы мамандар каналды толық сараптап, кем-кетіктері болса, толықтырады. Беткейлерінің бетондау жұмыстары да аяқталып келеді. Арнайы құбырлары мен арықтары орнатылды. Су келетін каналдар дайын. Қазір 250 мың текше метр су жиналған, нысан су қабылдауға дайын.

Сондай-ақ қала қонақтары мен туристердің демалуына жайлы да, қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс орталығында көгалдандыру жұмыстары құрылыспен қатар жүр­гізілуде. Қаладағы саябақтар мен гүлзарлар аумағы 500 гектарға жетеді. Ағаш пен бұталар саны 1 млн-нан асады. Көгал аума­ғы – 3 млн шаршы метр. 70 мың шар­шы метр жерге гүл егілген. Түркістан қаласының әкімі Нұр­бол Тұрашбековтің баяндауын­ша, биыл қала аумағында 250 мың ағаш көшеті мен 128 гектар көгал егілетін болады. Түркіс­тан­­ды көркейтіп, абаттандыру ая­сында қала секторларға бөлін­ген. Әр секторға аудан, қала әкім­діктері мен басқарма басшы­лары тікелей жауапты. Яғни Түр­кіс­тан облысының барлық аудан, қала­лары бірігіп, киелі қала аума­ғын көркейтуде. Көктемде 100 мың­нан астам түп көшет отыр­ғы­зылып, 130 мың шаршы метр аумақ көгалдандырылды.

 

Түркістан облысы