17 Сәуір, 2014

Қырғызстанның түстігінде мектепті ордалы жылан басып қалды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 04 - Zhilandar

Қырғызстанның Ош облысындағы ауыл мектептерінің бірінде жыландар пайда болып, мекемені жабуға тура келді. Бұл туралы Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Rosbalt.ru хабарлады. Төтене жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, орта мектептің ішінде күніне 20-30 шақты жылан өріп жүреді екен. Жергілікті тұрғындар ветеринария басқармасы мен санитарлық эпидемияны бақылайтын органға шағымданғанымен, тиісті көмек ала алмаған. Дегенмен, ауылға төтенше жағдайлар министрлігі облыстық басқармасының басшысы келіп, жағдаймен танысқан соң, оқушылар мен мұғалімдерге қауіп төнбес үшін білім ордасын уақытша жабуға шешім қыблдапты. Енді мамандар аталмыш ауданды толық тексеріп, мектепті жыландардан тазартқаннан кейін, 150-ге жуық оқушысы бар білім ордасы өз жұмысын жалғастыратын болады. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Rosbalt.ru. Фото: Reuters.com.