Ұлыбританияның өкілі Дэнни Дигнумды ұрып жыққаннан кейін қандасымыз Хайме Мунгияны (39-0, 31 KO) жылы орнынан жылжытты. Мексиканың мақтанышы қазіргі кезде бесінші орынды қанағат тұтуда. Ал орта салмақтағылардың мықтылар көшін бірнеше белді нұсқа бойынша чемпиондық белбеуді иеленіп отырған Қазақстанның марқасқасы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) бастап тұр. GGG-ді АҚШ-тың қос арланы – Джермалл Чарло (32-0, 22 KO) мен Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) өкшелеп келеді. Міне, біздің Жәнібек те осы саңлақтар санатында.
Сондай-ақ «ТОП-10» боксшының қатарында доминикалық Карлос Адамес (21-1, 16 KO), британиялық Крис Юбэнк (32-2, 23 KO) пен Феликс Кэш (15-0, 10 KO), жапониялық Рета Мурата (16-3, 13 KO) және бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 KO) сынды мықтылар бар.