Спорт • 25 Мамыр, 2022

Жәнібек – төртінші сатыда

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі vRINGe.com интернет-журна­лының жаңартылған рейтингінде қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға табан тіреді.

Жәнібек – төртінші сатыда

Ұлыбританияның өкілі Дэнни Дигнумды ұрып жыққаннан кейін қандасымыз Хайме Мунгияны (39-0, 31 KO) жылы орнынан жылжытты. Мексиканың мақтанышы қазіргі кезде бесінші орынды қанағат тұтуда. Ал орта салмақтағылардың мықтылар көшін бірнеше белді нұсқа бойынша чемпиондық белбеуді иеленіп отырған Қазақстанның марқасқасы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) бас­тап тұр. GGG-ді АҚШ-тың қос арланы – Джер­малл Чарло (32-0, 22 KO) мен Деметриус Ан­драде (31-0, 19 KO) өкшелеп келеді. Міне, біз­дің Жәнібек те осы саңлақтар санатында.

Сондай-ақ «ТОП-10» боксшының қата­рында доминикалық Карлос Адамес (21-1, 16 KO), британиялық Крис Юбэнк (32-2, 23 KO) пен Феликс Кэш (15-0, 10 KO), жапо­ниялық Рета Мурата (16-3, 13 KO) және бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 KO) сынды мықтылар бар.