Таяуда ғана Алматыда өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған турнирде 63 кило салмақта сынға түсіп, қарсылас шақ келтірмеген Есмигүл Куюлова бұл жолы да асқан шеберлік танытты. Бәсекелестерін бірінен кейін бірін жолынан ығыстырған ол алтыннан алқа тақты. Жалпы, соңғы кездері Есмигүл өте табысты өнер көрсетіп жүр. Жерлесіміз бұған дейін де бірнеше дүбірлі додада дара талантымен оқшауланып, елішілік додаларда алдына жан салмай келеді.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақтың қос қызы – Карина Тәкиева мен Аида Тойшыбекова да жеңіс тұғырына көтерілді. Тек ақтық сайыста ғана сәтсіздікке ұшыраған Карина күміспен күптелсе, жартылай финалда сүрінген Аида қола медальды мойнына ілді.