Жобаға еліміздің әр өңіріндегі жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
«Жоба аясында Тәуелсіздік жылдарында жетістікке қол жеткізген қазақстандықтардың қатысуымен әр түрлі форматтағы шаралар өткізілетін болады. Әр өңірде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының қатысуымен нетворкинг және тәжірибе алмасу, пікірталас алаңдары құрылып, еберлік сыныптары, семинар-тренингтер өткізіледі», деді жобаны таныстырған жоба менеджері Эльвира Сәрсенәлиева.
Қыркүйекте «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында «Болашақ Қазақстан менің көзіммен» атты ТEDx-конференциясы өтеді.
«Бұл іс-шараларда жастардың ең белсенді self - made өкілдері мемлекеттің дамуы мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарын ұсынады», деп атап өтті Эльвира Сәрсенәлиева.
Әрбір ТEDx-конференциядан кейін жастардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына, олардың бастамаларын талқылауға мүмкіндік беретін нетворкинг-кездесулер ұйымдастырылады.
Сондай-ақ «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ Жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, «Шешендік өнер», «Қаржылық сауаттылық», «Тайм-менеджмент», «Креативті индустрия», «Блогты жүргізу», «Салауатты өмір салты» тақырыптарындағы оффлайн-шеберлік сағаттарын өткізбек.
Сонымен қатар жоба ұйымдастырушылары қазақстандық талантты жастардың қатысуымен бейне-подкасттарды әзірлейтін болады.
«Бірінші кезекте, мұндай жобалар жастардың өзін-өзі дамытуға ынталандыру үшін қажет. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы өте өзекті, бүгін біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша жұмыс істеп жатқанымыздықтан, жас қазақстандықтардың пікірі елдің дамуы үшін өте маңызды», деп қорытындылады сөзін Эльвира Сәрсенәлиева.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: https://www.instagram.com/p/CdcatbPtblv/?igshid=MDJmNzVkMjY