Елорда • 25 Мамыр, 2022

Елорда әкімдігі 713 млн теңгеге құрылыс нысандарын сатып алады

3641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 8 құрылыс нысаны орналасқан 75 жер учаскесін сатып алады. Бұл туралы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімдігі 713 млн теңгеге құрылыс нысандарын сатып алады

«Бүгін қалалық мәслихаттың қарауына 8 нысан бойынша 75 жер учаскесін сатып алу туралы жобаны ұсынамыз. Жер учаскелерінің жалпы ауданы - 3 гектар. Жобаның құны - 713 млн теңге», деді Әнуар Саипов қалалық мәслихаттың 25-ші кезектен тыс сессиясында.

Бұдан соң басқарма басшысы сатып алынатын нысандарды атады.

«Бірінші нысан - Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысындағы тұрғын үй кешені, екіншісі - Шарль де Голль және Тоқпанов көшесі қиылысындағы құрылыс нысаны, үшіншісі - Ш. Айтматов көшесі бойынша құрылыс, келесі жоба - Есіл өзенінің арнасын қайта жөндеу. Сол секілді Республика даңғылы мен Алтынемел, Құтпанов, Гете көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені және Қосшығұлұлы көшесіндегі 8 тұрғын үйді абаттандыру жұмысы бар. Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесіндегі әкімшілік ғимарат құрылысы және Тұран даңғылы мен №227 көшесінің қиылысында орналасқан әкімшілік ғимараттың құрылысы да осы тізімге кіреді», дейді ол.