Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында орын алған.
«BMW X5 көлігі 23 мамырдан 24-іне қараған түні рульге ие бола алмай, жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйдің үстіне құлады. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген. Оқиғадан көлік жүргізушісі өзі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, жүргізушінің үстінен ҚР ӘК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
«Құлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Апаттан газдың құбыры жарылмаған. Ал электр бағаны электр станцияның мамандарымен қалпына келтірілді», деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.