Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

600 ата-ана форум қонағы болды

431 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өскелең ұрпақ тәрбиесі туралы сөз қозғалғанда, ата-анаға артылған мін­деттің маңызы мен жауап­кершілігінің аса зор екені белгілі. Бұған кеншілер астанасында Балалар жылы аясында өткен отба­­сындағы тәрбие және бала­­ларды әлеуметтендіру мәселелері жөніндегі ата-аналар форумында көзіміз тіпті де анық жете түсті.

600 ата-ана форум қонағы болды

Жиынға арнайы келіп қа­тысқан қонақ­тардың да қарасы мол болды. Олар­дың қатарын­да Білім және ғылым ми­нистр­­лігі­нің Балалардың құқықта­рын қорғау коми­теті төрағасы­ның орынба­сары Д.Жеке­баев, Қара­ғанды облысы Қазақ­стан хал­қы Ассам­блеясы Аналар кеңе­­сінің мүшесі Л.Қожах­ме­това, Seni­men Bolashaq рес­публикалық қо­ғам­дық бір­лес­тігі төрағасының кеңесшісі Г.Умарова, «Тұлғатану» ғылы­ми-зерттеу орталығы­ның ди­рек­торы Н.Бейсенбекова, Qasym Kitap жобасының жетек­шісі Е.Әшім, гуманды педагогика мұ­ғалімі, отбасылық коуч және «Жаңа ұрпақ» республика­лық көшбасшылық мектебінің не­гізін қалау­шы А.Абжанов, «Бі­лім-Инновация» халық­ара­лық қоғамдық қорының ағыл­шын тілі мұғалімі Н.Иманға­лиев, BTS Education зерттеу бөлімі бас ди­ректорының орынбасары Е.Мол­дақасымов және басқа­лар болды.

Форум барысында көпте­ген пайдалы іс-шара ұйым­дас­тырылды. Атап айт­қан­да, әлеу­меттік өзара іс-қи­мыл пробле­­ма­­­ларын шешу дағ­ды­ларын да­мыту бойын­ша интерактивті фо­рум-театрлар, диалог алаң­дары, ­ата-аналар мен оқушылар үшін жеке пси­хологиялық кон­сультация­лар, кәсіптік бағ­дар­лау жәрмеңкесі және «Өмір­лік дағдылар және жаһан­дық құзыреттер» тақы­рыбында көрме өткізілді.

Диалогтық алаңдардың жұ­мысында спикер ретінде кәме­летке толмағандардың істері жө­ніндегі мамандандырылған аудан­аралық соттың төрағасы Динара Мүтібаева, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – «Жаным» ҚҚ психологы Раиса Жуковская, «Қайсар» ҚҚ басшысы Оксана Тарабукина, «Позитивное разви­тие» ЖМ бас­шы­сы Оксана Па­на­си­ди, «Қазақ­стан Республикасы Дзю­до федерациясы» ҚБ-нің прези­ден­ті Денис Суслов, сондай-ақ тағы да бірқатар мемлекеттік ұйымдардың мамандары мен облыстың жетекші психолог­тері өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Бұл талқы­лау­лардың ата-аналар үшін берген пайдасы өте мол болды деп сеніммен айтуға болады. Мысалы, олар балалардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, адам саудасына және өндірістік ең­бек­ке тартылудың алдын алу, баланың құқы­ғын қорғау бойынша құнды кеңестер алды. Бұған қоса «Өнегелі өмір», «Әжемнің ертегісі», «Әкелер мектебі» атты жобалары аясында бала мен ата-ана арасында­ғы қарым-қатынас, отбасылық дәстүрлер, отбасылық оқудың рөлі, баланың кітап оқу дағды­сын қалыптастыру және басқа да сұрақтар бойынша өткен талқылаулардың да әкелер мен аналар үшін берері өте көп бол­ғаны сөзсіз.

Форум жұмысы аясында Асхат Абжанов­тың «Бақыт­ты ба­ланы қалай тәрбиелеу ке­рек?» тре­нингіне 300-ге жуық ата-ана қатыс­қа­нын айта кеткен ләзім. Сондай-ақ Е.Молда­қасымов ұсын­­ған жаңа мамандықтар атла­сы­на да қызығушылық таныт­қан­дар да өте көп болды.

Облыстың әр қиырынан ұзын-саны 600-ге таман ата-ана қатысқан форумда жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында Dance City би баттлдары, спорттық ойындар ұйымдастырылып, ту­ристік дағдыларға үйрету және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік нұс­қамалар берілді.

Айта кететін бір жайт, Бала­лар жылы аясында Global city сауда-ойын-сауық орталы­ғы­ның иесі «Балаларға жолдама сыйла» челленд­жін бастады. Сол арқылы Қарағанды қала­сы­­­ның 20 оқушысы Ақмола ­облы­сы­­­­н­ың Щучинск қаласындағы «Эдель­вейс» балалар лагерін­де кә­сіп­кердің есебінен демала­­ды. Қазірдің өзінде бұл бастама­ға Теміртау және Қаражал қала­ларының кәсіп­кер­лері қол­дау білдіруде.

Қарағандыдағы форум жұ­мы­сының қоры­тындысында өске­­лең ұрпақты тәрбиелеуге қос­қан ерекше үлесі үшін облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов 12 ата-ананы «Алғыс хатпен» марапаттады.

 

Қарағанды облысы