Референдум • 25 Мамыр, 2022

Халықаралық ұйымдардың мәні зор

902 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте референдумға қатысты мәселелер талқыланды. Іргелі жиынға Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысты.

Халықаралық ұйымдардың мәні зор

Сыртқы істер министрі М.Тілеу­­берді өз сөзінде кейінгі кезде болып жатқан дағдарыстар мен оқ­и­ғаларға, соның ішінде пандемияға, әлемдегі геосаяси жағдай мен оның зардаптарына қарамастан, Қазақстанда реформалар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Конституцияға енгізілетін түзетулер Мемлекет басшысының 16 наурыздағы халыққа Жолда­уын­­да айтқан саяси реформаларын қамтыған. Олар Қазақстанның саяси­ жүйесін түбегейлі өзгертуге бағыт­талған. Басты мақсат – аза­мат­­тардың мемлекеттік бас­қа­руға қатысуын кеңейту және саяси процестерді айтарлықтай демократияландыруды қамтамасыз ету», деді М.Тілеуберді.

Ведомство басшысы Консти­туц­ияға өзгеріс енгізу бойынша жұмыс тобы құрылғанын жеткізіп, оның құрамына заңгерлер, тиісті мекемелер басшылары енгенін де атап өтті.

«Ең алдымен, түзетулер супер­­­пре­зиденттік басқару моде­лі­нен ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар прези­дент­тік республикаға көшуге бағытталған. Сондай-ақ реформа биліктің өкілді тармағы мен тежемелік және тепе-теңдік жүйесін айтарлықтай нығайтып, мәслихаттардың тәуел­сіз­дігін арттырады. Сенат тек Мәжіліс қабылдаған заңдарды ма­құлдауға немесе қабылдамауға құқы­лы. Яғни, заң қабылдау құқығы Мәжі­ліс­ке беріледі.

Сонымен қатар Мәжіліс пен облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында мажо­ритарлы-пропорционалдық моде­лі қолданылады. Бұл сайлау­шы­лардың көзқарастары мен пі­кір­ле­рі толық қамтуға мүм­кін­дік береді. Бұл сондай-ақ партия құрамында жоқ кандидаттардың Парламентке баруына жол ашады. Саяси бәсекелестікті арттырып, азаматтардың өздері сайлаған депутаттармен тікелей байланысуына жағдай жасайды. Мұндай шешімдер көппартиялық жүйені күшейтеді», деді М.Тілеуберді.

Сонымен қатар президенттерге өз өкілеттіктері кезеңінде саяси партияға мүше болуға ты­йым салынатынын жеткізді. Минис­трдің айтуынша, бұл норма сая­си бәсекелестікті арттырып, барлық партияларының дамуына тең жағдай жасайды. Бұдан бөлек, Президенттің ең жақын туыстарына квазимемлекеттік секторда саяси лауазымдар мен басқарушылық қызметтерді атқаруға шектеу қойылады.

«Бұл реформалар Жаңа Қазақ­с­танды, Президентіміз атап өт­кендей, ең алдымен әділетті Қазақс­тан­ды құруға бағытталған. Әсіресе, азаматтардың жеке бастамасына мүмкіндік беріп, әділетті қоғамның іргетасы қаланып, анағұрлым белсенді, серпінді және бәсекеге қабілетті саяси жүйе қалыптасып, төзімді, әртараптандырылған және тең экономика құрылады. Мақсат – теңсіздік пен кедейлік секілді өмірлік маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу. Қазақстан халқының ұзақ мерзімді әл-ауқатын қамтамасыз ету.

Бұл процесс жеке және әлеу­мет­тік құндылықтар жүйесін де толық­тай өзгертуді талап етеді. Жаңа Қазақстанды құру мем­­лекеттік бас­қару моделін жаң­ғыртуды көз­дейтін Екін­ші Рес­публиканы құру тұжырым­да­масымен қатар жүреді», деді М.Тілеуберді.

Осы орайда, министр үш негізгі мәселеге назар аударды. Біріншісі, Қазақстан референдумды ең жақсы демократиялық стандарттар мен қағидаттар бойынша ең әділ және ашық түрде өткізуге міндетті.

«Екіншіден, бұл кең ауқым­ды реформалар референ­дум­да халқымыз тарапынан қол­дау табады деп үміттенеміз. Қазір­дің өзінде сауалдамалар ұсы­ныл­ған түзетулерді тұрғын­дар­дың қолдайтынын, көпшілік қатысатынын көрсетеді. Әрине, бұл қуантады. Ең бастысы, біз ұлт ретінде, халықаралық серік­тестеріміз күн тәртібіне шыға­рыл­ған реформаларға қолдау көрсетуін жалғастыра береді деп үміттенеміз. Қазірдің өзінде 10 халықаралық ұйым мен бірнеше мемлекет өз бақылаушыларын жіберді», деді М.Тілеуберді.

Орталық референдум комис­сия­­сының төрағасы Н.Әбді­ров өз сөзінде халықаралық ұйым­дар­дың елі­міздегі саяси ахуалға қы­зы­ғу­шы­лық танытқанына ырза­лы­ғын білдірді.

«Негізгі Заңға енгізілген тү­зетулер еліміз үшін өте маңыз­ды. Өзгерістер Конституция бапта­ры­ның үштен біріне қатысты. Сайлау процесі мен сайлау заңнамасын жаңғыртумен байланысты реформалар ұлттық сайлау жүйесі үшін түйінді мәселе­ле­рдің бірі. Бұл реформаларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 16 наурыздағы халыққа Жолдауда атап көрсеткен еді», деді Н.Әбдіров.

Спикер сондай-ақ референдумды бақылауға қатысатын халық­­ара­лық ұйым миссия­сы келуі­нің мәні зор екенін атап өтті. Демек еліміз үшін ма­ңыз­­ды мәселеге шетелдіктер де қызы­ғушылық танытып отыр. «Орта­лық референдум комиссиясының отырыстарында қаралған алғашқы мәселелердің бірі халықаралық байқау институтын ашу болды. Бүгінгі таңда 100-ден астам байқаушы аккредиттелген. Оның ішінде ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының өкілдері де бар», деді Н.Әбдіров.

Орталық референдум комис­сия­сының төрағасы қазіргі уақытта ТМД, ТМД Парламентаралық Ассам­блеясы және Түркі мемле­кет­тері ұйымының байқау­шы­лар миссиялары тіркелгенін жеткізді.

«Бүгінге дейін 17 мемлекет делегацияларының өкілдері аккредиттелген. Бұл жұмыс жал­ға­сып жатыр. Халықаралық бай­қаушыларды тіркеу 30 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады», деді Н.Әбдіров.