Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Отбасы банкі» өкілдері жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау бағдарламасының аралық нәтижелерін көпшілік назарына ұсынды.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев, Қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай халықтың белгілі бір әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаның аралық нәтижелерімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы банкі» жалға беру төлемдерін субсидиялауға өтінімдер қабылдауды 18 сәуірде бастаған болатын. Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандықтар 12 634 өтінім берген (5 903 бірегей өтініш). Олардың 2 741-і мақұлданып, 690-ы бойынша субсидия алушы немесе оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер тексерілуде. Бұдан басқа, 51 өтінім бойынша қазір бастапқы деректер ғана енгізілген, 1 076-сын өтінім берушілердің өздері қайтарып алған. Сонымен қатар 6 860 өтінім мақұлданбай, кері қайтарылған. Мақұлданбай қалған өтінімдердің басым бөлігі тіркеу кезінде смс-хабарлама арқылы жіберілген құпия сөзді енгізбеген өтініш берушілер тарапынан келіп түскен.
«Қазақстандықтар өз өтінімдерін жылдам әрі кезек күтпей берулері үшін бізде барлық процесс онлайн режімде ұйымдастырылған. Өтінімдер электронды цифрлы қолтаңба арқылы otbasybank.kz порталында «Жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі. Өтінімдер қабылданатын және өңделетін цифрлы платформа бірегей болып саналады. Алғашқы өтінімдерді беру барысында платформада қателер туындауы мүмкін деп болжап, бірінші кезеңде өтінімдер банктің клиенттері саналатын үміткерлерден қабылдана бастады», деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Ә.Нәлібаев.
Айта кетерлігі, жалдау шарттары бойынша төлемдерді республикалық және өңірлік бюджеттерден қаражат түскеннен кейін маусым айынан бастап төлеу жоспарланып отыр. Спикерлер тарапынан сондай-ақ коммерциялық нарықта тұрғын үйді жалға беруді субсидиялау қағидалары туралы ақпарат берілді.
«Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Атап айтқанда, 50 пайызы мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылса, қалған 50 пайызын пәтер жалдап тұратын азамат өзі төлейді. Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған үміткерлер ие бола алады. Олардың қатарында І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көпбалалы отбасылар бар. Бұл ретте соңғы 6 айдағы орташа айлық жиынтық табыстың мөлшері отбасының әрбір мүшесі үшін бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс», деп мәлімдеді департамент директоры Руслан Лепесов.
Қойылатын тағы бір талап – үміткерлер «Отбасы банкінің» клиенттері болып, депозиті мен мекеменің интернет банкингінде тіркелген болуға тиіс. Жинақ шоты жоқ адамдар шотты бейнебанкинг немесе Otbasybank мобильді қосымшасы арқылы аша алады. «Депозит тұрғын үйге ақша жинау үшін қажет. Қазір кезекте тұрғандар өз мүмкіндіктеріне қарай ақша жинай алады. Дегенмен мерзімі бойынша ертерек ашылған депозит келесі сатыға өткенде артықшылықтарға ие болады», деді банк басқармасының төрайымы Л.Ибрагимова.
Депозитті ашып, otbasybank.kz порталында тіркелген үміткерлер өтінімді жеке кабинеттерінде рәсімдей алады. Өтінімді рәсімдеу үшін жеке кабинетте төлемдерді алуға арналған өтініш пен дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімге қол қою қажет. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе енгізілген деректерді өңдеп, отбасы құрамын дербес анықтайды. Осыдан кейін отбасының кәмелет жасқа толған әрбір мүшесі «қонақ» мәртебесінде otbasybank.kz сайтына кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге ЭЦҚ көмегімен қол қоюға тиіс. Жүйе деректерді қайта тексеріп, үміткердің субсидия алуға берген өтінімі мақұлданады.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент • Бүгін, 10:56
Жайық өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:23
Александр Недовесов Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 10:15
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Парламент • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 137 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:02
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Ұқсас жаңалықтар